Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін

Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін

Қалың жауған қардан кейін Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су басу қаупі бар аумақтарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Бадам» су қоймасында қазір тасқынның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты қойма толып, тасқын қаупі туындаған жағдайда, шлюздерді реттеу арқылы суды Бадам өзеніне жіберу жоспарланып отыр.
«Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырым каналды қардан, мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады.
Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды пысықтаған қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.

«Су тасқынының алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру – басты назарда болуы керек», – деді қала әкімі.
29 қаңтар 2023 ж. 93 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам