Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік министрі Air Astana президентіне әуе билеттерінің құнын төмендетуді тапсырды

Көлік министрі Air Astana президентіне әуе билеттерінің құнын төмендетуді тапсырды


Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Питер Фостер Көлік министрі Марат Қарабаевқа компанияның IPO-ға дайындығын баяндады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер әуе компаниясының 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындығы туралы, сондай-ақ келесі жылы Токио мен Сингапурға, ал 2025 жылы Нью-Йорк бағытында жаңа рейстердің ашылуы туралы айтты.

Сонымен қатар ол биыл 8 айдың ішінде «Эйр Астана» АҚ-тың 3 жаңа әуе кемесін сатып алғанын хабарлады. Атап айтқанда, олар – 180 орынға шақталған 2 Airbus A321CEO және сыйымдылығы 188 орындық Airbus A320NEO. Жыл соңына дейін тағы 5 Airbus A320 келеді деп күтіліп отыр. Бұл өз кезегінде ұшу жүйелілігін және әуе көлігінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Марат Қарабаев ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, әуе билеттерінің құнын төмендетуге және Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін арттыруға жағдай жасауды жалғастыруды тапсырды.
07 қыркүйек 2023 ж. 147 0