Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қамауға алынды

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қамауға алынды



Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының нұсқауына сәйкес, демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды.

19 тамыз күні сағат 23:10 шамасында қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері құқық бұзушы Lexus автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында көлік тізгендеген 30 жастағы азамат сот шешімімен 2023 жылдың 19 маусымында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен автокөлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Алайда ол тағы да заңды бұзып, көлік тізгіндеген.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
23 тамыз 2023 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031