Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Қызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Қызылордада полиция жол жиегінде велосипедпен келе жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін ұстады.
Оқиға Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде болды. Жол жиегінде велосипедпен келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөлік қағып кеткен. «Полицияға түскен хабарлама негізінде жедел іздестіру шарасы жүргізілді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы ғимараттардағы бейнекамера жазбаларын қарап шықты. Нәтижесінде екі сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жасөспірімге медициналық көмек көрсетілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Әділжан ҮМБЕТ
19 мамыр 2021 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930