Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл – Абай көшесі

Бұл – Абай көшесі



Қызылорда қаласында жалпы 765 көше бар. Соның ішінде облыс орталығы мен қалаға қарасты ауылдық округтерде 11 көше қазақтың бас ақыны Абай атымен аталады.

Ал аймақ бойынша 4 мектеп, 3 ауыл, 86 көше А.Құнанбайұлының құрметіне қойылған. Сәрсенбінің сәтті күні Абай көшесіне бардық. Абай даңғылы – қала орталығындағы ең үлкен көшенің бірі. Көшелі елдің келешегін көшесіне қарап тануға болады емес пе.
Жарқыраған жол жанымызға шуақ бергендей. Бұрынғы Коммунистік көшесі қала әкімінің 1992 жылғы 15 мамырдағы №346 шешімімен Абай Құнанбаев даңғылы деп аталған.

Мұнда «Достық үйі», Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, облыстық денсаулық сақтау мекемесі, «Петро Қазақстан» мұнай компаниясы спорт кешені, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, «Стандарт» ЖШС көркем-дизайн орталығы, «Сибу Гежуба» мұнай компаниясы кеңсесі, «Kaspi Bank» филиалы ғимараты, «Қызылорда» сауда үйі бәрі-бәрі жіпке тізген моншақтай осы көшеде орналасқан. Барлығы шаһар шырайына әр беріп, сәулетіне сән қосқандай.

Абай көшесі еліміздің барлық өңірінде, қала, аудан орталықтарында бар. Ал біз Қызылорда қаласындағы Абай көшесі бойымен жүріп келеміз. Алдымызда жас шамасы 50-55-тердегі әйел кісі келеді. Тоқтатып, сәлемдесіп, пікірін сұрадық. Есімі – Сәуле Нұржігітова.
– Абайды дәріптеген елдің еңсесі биік болады. Ұлы ақынның ұрпақ тәрбиесіндегі әр сөзі ұранға айналарлық. Қазақтың бітім- болмысы Абаймен тығыз байланысты. Ол кісі бар саналы ғұмырын қазақ болашағына арнады. Осы көшеден өткен әр адам жадында ақын аты жаңғырып тұратын болады, – дейді ол.

Иә, кімнен сұрасаң да Абай жайлы тебіреніспен айтады. Мүмкін асқақ ақынның рухы шығар.

«СБ» ақпарат
10 тамыз 2023 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930