Алматыдағы жүгіруге арналған орындар
Күннің жылуымен көшеге шығып, таза ауамен тыныстағанды ұнатамыз. Осы уақытта жүгіру арқылы көңіл күйді көтеріп, артық салмақ пен ұйқысыздықпен күресуге болады. Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты жақсарту. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіруге кеңес береміз. Иммунитеттіңізді көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартасыз. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді. Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не айран ішіп, алма немесе банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал. Егер Алматы қаласында тұрсаңыз жүгіруге арналған орындардың тізімін назарыңызға ұсынамыз: Тұңғыш Президенті саябағы Мекен-жайы: Дулати мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысы Кіру: тегін Ганди атындағы саябақ Мекен-жайы: Жамбыл, Жароков, Шевченко көшелері және Гагарин даңғылы Кіру: тегін. Ботаникалық бақ Мекен-жайы: Тимирязев көшесі 36 Кіру: үлкен кісілерге - 300 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге - 200 тг, мектеп оқушыларына - 100 теңге «Атакент» аумағындағы саябақ Мекен-жайы: «Атакент-Экспо» ХКК, Тимирязев көшесі 42 Кіру: тегін Сайран жасанды көлінің жағасы Мекен-жайы: Сайран жасанды көлі Кіру: тегін Тереңқұр Мекен-жайы: Достық даңғылы 104, «Арман» кинотеатрының артында орналасқан Кіру: тегін Орталық стадион Мекен-жайы: Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі Кіру: тегін Спорт кешен Мекен-жайы: Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысы Кіру: 500 теңге Медеуге дейінгі жол Мекен-жайы: Керей-Жәнібек хандар көшесі 465 Кіру: тегін Орталық мәдениет және демалыс саябағы Мекен-жайы: Гоголь көшесі 1 Кіру: тегін Баум тоғайы Мекен-жайы: Сүйінбай даңғылымен Рысқұлов көшесінен сәл төмен Кіру: тегін
/massaget.kz/