Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “Медеу” мұзайдынында коньки тебуді тегін үйрететін сабақтар басталады

“Медеу” мұзайдынында коньки тебуді тегін үйрететін сабақтар басталады

“Медеу” мұзайдынында коньки тебуді тегін үйрету бағдарламасы басталады. Бұл туралы Алматының ақпараттық-спорттық хабы хабарлады.
“Медеу” мұзайдынында конькимен жаппай сырғанау маусымының ашылуымен қатар кез келген қонақты коньки тебуді тегін үйрететін сабақтар өтеді. Сабақтар тегін болғанымен мұзайдынның өзіне кіру ақылы. Кіру билеті мен конькиді жалға алу бағалары “Медеудің” баға көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
“Спорттық Алматы” бағдарламасы аясындағы жоба қазанның 27-сі күні сағат 19.00-де басталады. Мұзайдында арнайы киім киген 20 нұсқаушы екі сағат бойы келушілерге көмек көрсетеді.
Қонақтар дұрыс сырғанауды үйрене жүріп, эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалай алады. Сырғанаушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Коньки тебуді тегін үйрету бағдарламасы әр аптаның сенбі күндері сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін өтеді. Жобаның мақсаты – “Спорттық Алматы”бағдарламасы бойынша қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу.


25 қазан 2018 ж. 913 0