Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәсімовтер жалпы режимдегі колонияға ауыстырылады

Мәсімовтер жалпы режимдегі колонияға ауыстырылады

masimov 1

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және ҰҚК, ҰҚК департаментінің бірқатар бұрынғы басшылары, сондай-ақ Павлодар облысы полиция департаментінің (ПД) бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға ауыстырылады, деп хабарлады КазТАГ сайты.

«ҰҚКД-ның бұрынғы бастықтары: Алматы облысы бойынша – Сәбит Құрманаев, Қызылорда облысы бойынша – Аслан Рахимов, Алматы бойынша – Нұрлан Мәжілов, сондай-ақ Павлодар облысы ПД-нің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов Өскеменге ауыстырылады.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де Өскемендегі жалпы режимдегі түзеу колониясына көшіріледі», – деп ҚазТАГ редакциясына сәрсенбіде хабарланған.

ҚазТАГ құқық қорғау органдарына сипатталған жағдайға қатысты сұрау жіберді.
02 тамыз 2023 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031