Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзі халқы суды ағзаға енгізілетін чиппен сатып алады – фейк

Дүниежүзі халқы суды ағзаға енгізілетін чиппен сатып алады – фейк


Сурет ашық дереккөзден

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) барлық азаматтарға CBDC микрочипін имплантациялау қажеттігін мәлімдеді. Тelegram-арнасында осындай ақпарат тарап жатыр. Мұның анық-қанығын Stopfake.kz анықтап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таралған ақпаратта айтылғандай, адам ағзасына енгізілетін CBDC чипі азық-түлік пен су сияқты бірінші қажеттіліктегі заттарды сатып алу үшін керек болады. Сондай-ақ онда профессор Ричард Вернердің чип-имплант болашақта банктік шоттарға қол жеткізу үшін де қажет болатыны туралы сөзі келтірілген.

Анықталғандай, Вернер осындай мәлімдеме расымен де жасаған.

«Бірақ мұның Дүниежүзілік экономикалық форумға ешқандай қатысы жоқ. Яғни, таралған ақпарат – жалған.

CBDC немесе орталық банктің цифрлық валютасы – бұл елдің орталық банкі шығаратын цифрлық ақша. CBDC барлығына ортақ емес, әр елде өзінің цифрлық ақшасы мен өз валютасы болуы ықтимал.

Қазіргі уақытта цифрлық валютаны енгізу бойынша жобалар 87 елде, оның ішінде Қазақстанда әзірленуде. 2025 жылы елімізде цифрлық теңгені толық енгізу жоспарланып отыр. Бірақ одан кейін де цифрлық теңге қағаз ақшаны алмастырмайды. Ол қолма-қол ақшамен тең қолданылады.

Сонымен қатар CBDC-ді әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде электрондық пошта, QR кодтары және карталық төлем терминалдары арқылы пайдалануға болады. Демек, азық-түлік, су және басқа да өнімдерді CBDC чиптерін қолданбай-ақ кез келген ыңғайлы жолмен сатып алуға болады», – деп жазады Stopfake.kz.

«Дүниежүзілік экономикалық форум CBDC чиптерін имплантациялау туралы мәлімдеді» деген ақпаратты Logally Facts сайты да жоққа шығарған. Бұл сат фактілерді тексерумен айналысады. Фактчекерлер ДЭФ ешқашан тамақ пен су сатып алу үшін CBDC чиптерін имплантациялау қажеттігін ресми түрде жарияламағанын анықтады. Ал бұған дейін цифрлық валюта туралы айтып келген Ричард Вернер енді Дүниежүзілік экономикалық форумның мүшесі емес. Демек, ол ұйымның мүддесі мен көзқарасын білдіре алмайды.

Олай болса, ДЭФ барлық азаматтарға өздерінің банктік шоттарына қол жеткізу және сатып алулар жасау үшін CBDC чиптерін имплантациялауды талап еткені туралы жаңалық жалған. Орталық банктің цифрлық валютасы, оның ішінде цифрлық теңге, нақты ақшаны алмастырмайды. CBDC пайдалану үшін міндетті түрде чипті ғана қолданбайды, өйткені валютаны қолданудың басқа тәсілдері бар.
28 шілде 2023 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930