Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі су айдайтын насос қондырғыларының жұмысымен танысты

Аудан әкімі су айдайтын насос қондырғыларының жұмысымен танысты



Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов, «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіровпен бірге судан тапшылық көрмес үшін өз қаражаты есебінен қам жасап, электрлі насос қондырғысын орнатқан «Төңкеріс К» шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеевпен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі насос құрылғысының жұмысын көріп, құрылғыны орнатуға кеткен шығындардың «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің есебінен өтелетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, «бұл жұмыстарға тек ірі шаруа қожалықтары ғана емес, шағын шаруа қожалықтары да ат салысу керек», – деді.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 31 мың 600 гектар жерге түрлі дақылдар орналастырылып, негізгі дақыл ақ күріштің көлемі – 13 мың 189 гектарды құрап отыр.
28 шілде 2023 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031