Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 87 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған

Биыл 87 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған


Фото: ашық дереккөз

Биыл жыл басынан бері Ресейде тұратын 87 мың тәжік халқының өкілі осы елдің азаматтығын алған. Бұл былтырғы қаңтар мен шілде айларымен салыстырғанда 13 мың адамға көп.

Ozodi радиосының хабарлауынша, күн сайын шамамен 500 тәжікстандық Ресей азаматтығын алады. Соңғы үш жылда РФ азаматтығын алғысы келген тәжікстандықтар көбейген. Мысалы, 2020 жылы 63 мың тәжік халқының өкілі Ресей азаматтағын алса, 2021 жылы 103 мыңнан астам ажам ресейлік атанған. Ал былтыр 173 мыңнан астам тәжікстандық Ресейдің төлқұжатына ие болған.

Ресей төлқұжатын алу жағынан Украинаның азаматтары екінші орында тұр. Жарты жылда 39 мың украин халқының өкілі төлқұжатын ауыстырған.

Дегенмен Ресей ІІМ мәліметіне қарағанда, шетелдіктер арасында Ресей азаматтығын алушылар азайған. Биыл соңғы жарты жылда 205 мың шетелдік Ресей азаматтығын алған. Былтыр бұл көрсеткіш 500 мыңнан асқан.
26 шілде 2023 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30