Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Калифорнияда 1 миллиард долларлық ұтыс билеті сатылды

Калифорнияда 1 миллиард долларлық ұтыс билеті сатылды



Калифорнияда сәрсенбі күні 1 миллиард АҚШ долларлық ұтыс шыққан лотерея билеті сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі ұтыста 7, 10, 11, 13 және 24 нөмірлері, Powerball-да 24 нөмірі ұтысты болды. Джекпот билеті Лос-Анджелестегі Лас-Пальмитас кіші нарығында сатылды, деп хабарлады лотерея өкілі.

Джекпоттың қаржылық құны салықты алып тастамағанда 516,8 миллион АҚШ доллары болды.

Лотерея өкілінің мәліметі бойынша, Флорида, Пенсильвания мен Род-Айлендте сатылған үш билет иелеріне 2 миллион доллардан табыс әкеледі. Сондай-ақ Калифорния, Коннектикут, Флорида, Иллинойс, Индиана, Кентукки, Массачусетс, Мэриленд, Миссури, Нью-Гэмпшир, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Огайо, Техас, Висконсин және Батыс Вирджинияда да жеңімпаздар болды. Олар 1 миллион АҚШ долларынан алады.

Лотерея жеңімпазында таңдау бар, ол 30 жыл бойы жыл сайын төлем жасап тұрса болады. Бірақ жылына сома 5%-ға өсіп отырады және ұтысты бірден төлеп алуына болады.

Бұл джекпот ойыны Powerball үшін 31 жылдық тарихындағы есте қаларлық жағдай болды: джекпот үшінші рет миллиард долларға жетті.

Powerball лотереясы тарихындағы ең үлкен джекпот, яғни 2,04 миллиард АҚШ долларын 2022 жылдың қарашасында Калифорния штаты, Альтадена қаласының тұрғыны ұтып алды.

Сондай-ақ Powerball лотереясының джекпоты 2016 жылдың қаңтарында миллиард доллардан асты. Ол кезде үш билет 1,586 миллиард доллар көлемінде жүлде ұтқан.

Powerball дерегінше, джекпот ұтып алу мүмкіндігі 292,2 миллионның бірі ғана.
20 шілде 2023 ж. 108 0