Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғарышқа ұшу билетін 28 млн долларға сатып алды

Ғарышқа ұшу билетін 28 млн долларға сатып алды

Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бәссаудааға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелді.
«107 нөміріндегі адамға 28 миллион долларға сатылды», – деп мәлім етті аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы.
Amazon-дің негізін қалаушымен және оның ағасымен бірге ғарышқа кім барады, әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ. Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады.
Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізген болатын.
Компанияның хабарлауынша, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады.
Айта кетсек, бұған дейін ғарышқа билет құны 2,8 миллион долларды құраған еді.
13 маусым 2021 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930