2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтың бас дәрігері Шиелі ауданына барды

Аймақтың бас дәрігері Шиелі ауданына барды



Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлының медициналық ұйымдар жұмысымен танысу сапары Шиелі ауданында жалғасты.

Аймақтың бас дәрігері алдымен «Тартоғай», «Балаби», «Бәйгеқұм», «Ақтоған», «Жөлек», «Алғабас» дәрігерлік амбулаториясының ахуалы, жедел жәрдем стансасы, жұқпалы аурулар бөлімшесі, «B.B.Nura» гемодиализдік орталығы, «Көкшоқы» ауылдық емханасы және Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұмысымен танысты.

Одан соң Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен кездесіп пікірлесті.

Медицина мекемелері жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті. Басқарма басшысы сонымен қатар, тұрғындар ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында халық арасында қоғамдық қабылдау өткізді. Онда тұрғындар медициналық кеңестерге жүгінді. Өз кезегінде Олжас Ермекұлы айтылған өтініштердің шешу жолдарын қарастырып, тұщымды мағлұматтар беріп өтті.

Кездесу соңында қоғамдық қабылдауға келгендер қатары аймақтың бас дәрігеріне ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
04 шілде 2023 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930