Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Шиеліге келді

Министр Шиеліге келді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Қызылордаға келді. Мұнда емханаларды аралап, аймақ тұрғындарымен кездесу өткізді. Сәйкесінше салаға қатысты сауалдарға жауап беріп, көпшіліктің ұсынысына құлақ түрді.
Министр ана мен бала орталығының, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының жұмысымен жіті танысты. Ақ халаттылардың жұмысын көзбен көріп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сыр өңірі рес­публикада туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында. Мәселен, өткен жылы облыстық перинетарлық орталықта 12 255 нәресте өмірге келсе, биыл 8 айдың қорытындысымен 7480 сәби дүние есігін ашты. 2021 жылмен салыстырғанда экстремалды аз салмақтағы нәрестелердің аман қалуы жоғарылаған. Қиын жағдайдағы және баса назар аударуды қажет ететін шақалақтарға бүгінде заманауи­ реанимациялық көмек көрсетіледі. Сонымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет барысын түгелдей дерлік көріп шықты. Соның ішінде жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімшелерінде, босандыру бөлімшелерінде және босанатын әйелдерге арналған реанимация бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету жағдайларын көріп, аралады.Осылайша орталықтың жағдайымен танысқан министр дәрігерлермен кездесіп, ана мен бала өлімін төмендету үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Мұнан кейін Денсаулық сақтау министрі облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының жұмысымен, шақыртулардың статис­тикасымен және жүктемесімен, өңірдің шұғыл медициналық көмек көрсетуінің нәтижелілігімен егжей-тегжейлі танысты. Орталықта 50 жедел жәрдем бригадасы бар. Оның 26-сы ауданда, қалғаны облыс орталығында. Тұрғындардан түскен шақыртулар саны өткен жылмен салыстырғанда 5,9 процентке артқан. Жасыруға келмес, халықтың жедел жәрдем қызметіне көңілі тола қоймайды. Шақыртуларға кешігіп келеді, білікті мамандар тапшы деген әңгімелер жиі айтылады. Министр қан айналым жүйесі, жоғарғы тыныс алу жолдарының ­аурулары кезіндегі сын-қатерлердің өсу үрдісін атай отырып, пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлерін тұрақты оқыту және біліктілігін арттыру мәселесіне назар аударды.
Ажар Ғиният Шиелі ауданының ауданаралық ауруханасының, аудандағы Досбол би, Бала би ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
04 қазан 2022 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930