Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдың жас сарбаздары жеңіспен оралды

Сырдың жас сарбаздары жеңіспен оралды



17-23 маусым күндері Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында өткен «Айбын» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Сыр айбыны» құрама командасы жүлделі І-ші орынды қанжығалады. Бір аптаға жалғасқан жарыс барысын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов баяндап берді.

– Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тікелей қолдауымен аймағымыздың жалындаған патриот жастары «Айбын» IX халықаралық әскери-патриоттық сайысына қатысып, аймақ абыройын асқақтатты. Еліміздің 20 өңірі мен Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттерінен жиналған кіл мықтының ішінен озып шығу оңай болмады. Үздіктер жиналған додада сарбаздар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен және плаш түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен ғазқағарды уақытқа қию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Дегенмен, біздің жігіттер кәсіби біліктілігі мен шеберліктерінің арқасында үздік атанды. Бізді қолдаған барша Сыр жұртшылығына алғыс білдіреміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!, – деді Алмат Жақыпов.

Халықаралық жарыстың бел ортасына белсенділік танытқан жетекшілер мен жас сарбаздар өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.-2015 жылдан бастап бастау алған «Айбын» әскери патриоттық жастар жиыны ҚР Қорғаныс істері министрлігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Аталмыш сайыстың басты мақсаты – жас сарбаздарды спорттық тұрғыда шыңдап, әскери ережелерді үйрету болып табылады. Аймақ жастарының атынан «Сыр айбыны» құрама командасы жасақталып, облысымыздың намысын қорғады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілет бойынша бақ сынасты. Үздік атанған Сыр сарбаздарын жеңістерімен құттықтаймын!, – деді команда жетекшісі Ақылбек Өтегенов.

– Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жас сарбаздардың додасы өте жоғары деңгейде өтті. Біздің команда әр сайыста өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, барын салды. Біздің команданы қолдаған барша Сыр еліне және жетекшілерге алғысымыз шексіз, – деді «Сыр айбындары» құрама командасының взвод командирі Мұхаммедхан Сайдбаттал.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
26 маусым 2023 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031