Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарифті реттеу шаралары таныстырылды

Тарифті реттеу шаралары таныстырылды



Табиғи монополияларды реттеу департаменті 54 қызмет түрі бойынша 34 табиғи монополия субъектілерінің жұмысын реттейді. Бұған қоса, электр энергиясы және газбен жабдықтау саласындағы 4 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов нақтылап берді.

– Жыл басынан бері департаментке электр энергиясының шекті бағаларын төмендету, тарифті және тарифтік сметаларды бекіту бойынша 22 өтінім түсіп, тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, осы жылдың басында 8 субъектінің тарифі бекітілді. Газбен жабдықтау қызметінің қолданыстағы тарифі өзгеріссіз қалды. Яғни, 2022 жылдың 1 тамызындағы тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 13 043,49 теңгені құрап отыр. Мұнан өзге, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың бағаларына келсек, 2022 жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,1-0,3 пайызға дейін төмендетілді. Айта кетейін, департаментке түскен әрбір өтінім мұқият қаралып, талданады,-деді Айбек Асылханұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
16 маусым 2023 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728