Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қай елдерге ет экспорттайды

Қазақстан қай елдерге ет экспорттайды



Өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаны құрап, кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемияға дейін 2019 жылы аусылға қатысты саулық мәртебесі оң болған кезеңде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға – 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-батыс өңірлерде аусылға қатысты саулық мәртебе оң болмағанына қарамастан, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық», – деді Е.Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаға жеткен, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

«Бұл үрдіс ағымдағы жылы да сақталуда. Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе артты», – деді министр.
13 маусым 2023 ж. 217 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 34

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930