Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолданыста болған құрылыс материалдары қайта пайдаланылуда

Қолданыста болған құрылыс материалдары қайта пайдаланылуда



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай, Қызылорда облысы әкімдігінің алдындағы қоршау алынып, ғимарат аумағына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Яғни, Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан жаңа саябақ салынуда.

Аталған жұмыстар барысында ғимарат аумағынан алынған бастапқы 2398 дана плита, 85 дана қоршау және 1825 шаршы метр брусчатка қаладағы жөндеуді қажет ететін саябақтарға үлестіріліп, бүгінде демушілік танытқан «Ақсырым» ЖШС, SKKB CONSTRUCTION» мекемелері тарапынан субұрқақ, саябақтарға ақысыз қайта орнатылуда.

Оның бірі – қоршау С.Шаухаманов атындағы білім-инновация лицейінің аумағына орнатылса, гранит плиталар Қорқыт Ата, Амангелді Иманов ескерткіштері мен субұрқақтарды жөндеуге пайдаланылуда. Ал, брусчаткалар №143, 176, 257, 268 мектептеріне, «Асыл-ай», «Қызғалдақ», «Бөбек», «Бегім Ана» балабақшалары мен Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің аулаларына төселуде.
09 маусым 2023 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930