Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 3 айда 5 мыңға жуық нәресте дүниеге келді

Қызылордада 3 айда 5 мыңға жуық нәресте дүниеге келді




Қызылорда облысында биылғы жылдың 3 ай қорытындысымен 5 мыңға жуық нәресте дүние келді. Бұл сәбилердің 95,3 пайызына алғашқы вирусты гепатит В ауруына қарсы екпе егілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова хабарлады. 

«Жалпы облысымызда туу жасындағы 177 мыңнан астам әйел және 320 мыңға жуық бала тұрады. Нәзік жандылар мен балаларға медициналық көмек көрсету үшін аймағымызда 26 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны, 8 перзентхана, сондай-ақ облыстық перинаталды орталық пен көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жұмыс атқарады. Қазіргі таңда босандыру ұйымдарының медициналық жабдықтармен қамтылуы – 84 пайызды құраса, балалар стационарларының медициналық құралдармен жабдықталуы – 82 пайыз. Бұл көрсеткішті одан әрі жоғарылату мақсатында «Әр азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде арнайы қаржы бөлініп, медициналық ұйымдардың толық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұдан бөлек, облыс көлемінде босандыру ұйымдарында барлығы 101 акушер-гинеколог жұмыс істейді. Олардың 53 пайызы оперативті техниканы меңгерген мамандар», - деді басқарма басшысының орынбасары Мая Мирзанова. 

Сондай-ақ, басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары биыл «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасына 274 квота берілгенін, оның бүгінгі күнге дейін 137-і игерілгенін айтты.
04 мамыр 2023 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930