Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ




Аудан әкімі Нұржан Ахатов 40 жылдан астам уақыт бойы аудан әкімінің орынбасары, кент әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, аудандық мәслихат хатшысы сынды көптеген қызметтерді абыроймен атқарған Тұрмағанбет Әлиасқарұлына құрмет көрсетіп, зейнет демалысына шығарып салды.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында аудан басшысы Тұрмағанбет Әлиасқарұлына ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.





Аудан ардагерлері де Тұрмағанбет Әлиасқарұлына жылдар бойы ел үшін жасаған адал еңбегі мен қызметі үшін алғыстарын айтып, «Ендігіде бейнеттің зейнетін көріп, ел-жұртқа ақыл айтатын қария болуды нәсіп етсін» деген тілектерін жеткізді.

17 мамыр 2023 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031