Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туу және неке қию туралы куәлігін алу жеңілдетілді

Туу және неке қию туралы куәлігін алу жеңілдетілді



Электронды Үкіметтің қызметін тұтынушылар бүгінде оның тиімділігі мен пайдасын көріп келе жатыр. Қазірде елімізде көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ  онлайн түрінде алуға болады.

Осындай қызметтің бір түрі туу және неке қию туралы куәліктерді алу болып табылады.
АХАЖ жүйесі бойынша баланың туу туралы куәлік қызметтерін көрсету рәсімдерін енді азаматтық хал актілерін тіркеу орандарына келмей-ақ,  «электрондық үкімет» порталын немесе екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi  және Halyk банк) мобильдік қосымшаларын пайдалану арқылы алуға болады.

Қазіргі таңда туу туралы куәлікті қалыптастыру автоматты режимде жүргізілуде. 
Перзентханадан баланың медициналық туу туралы анықтамасы АХАЖ  ақпараттық жүйесіне тікелей беріледі. Осыдан кейін құжат жасалып, ата-аналары баланың туылуына байланысты құттықтаумен, баланың атын атауды өтінген sms хабарлама алады. Хабарламаға жауап   sms  жіберілген соң, туу туралы куәлік рәсімделеді. Рәсімделген құжатты АХАЖ органдарынан қағаз түрінде немесе ұялы телефон арқылы электрондық түрде алуға болады.

Әділет Министрлігі Digital Justice  жобалар портфелі шеңберінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекетік қызметтердің смартфондар арқылы  қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Енді азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервисін іске қосты.
Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде өтінішті  толтырып, мемлекеттік баж төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.

15 күнтізбелік күн өткеннен соң АХАТ органдарына жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының шеңберінде АХАТ саласында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске өзгерістер енгізілді.

Өзгеріске сәйкес, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциялар «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-наберілмек.

Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қағаз куәліктерді алып тастау және ЭҮП арқылы куәліктерді электрондық форматта беруді қамтамасыз ету іске асырылуда, бұл ретте азаматтардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште де беріледі.

Ал, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электронды нысанда беріледі.

А.Жақсылық,
Қызылорда облысы әділет департаментінің бас маманы
16 мамыр 2023 ж. 214 0