2019 жылы елімізде құжат жасату құны қалай өзгерді?
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген: жеке куәлік - 505 теңге; паспорт - 20 200 теңге; Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз. - жүргізуші куәлігі - 3150 теңге; - көлік құралын тіркеу туралы куәлік - 3157 теңге; - туу туралы куәлікті қайта жасату - 2525 теңге; - неке қию туралы куәлікті қайта жасату - 2525 теңге Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.