Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдер қалалар мен елді мекендерді жаяу аралауға тиіс - Президент

Әкімдер қалалар мен елді мекендерді жаяу аралауға тиіс - Президент




Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Біздің қалаларымыздың нашар көрінетінін, балалар алаңдары лайықты деңгейде жабдықталмағанын мойындауымыз керек. Шетелде болып тұрамыз. Әсіресе Шығыс Еуропада, Балқанда қалаларының бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарлары бар.

Бұл муниципалды биліктің жұмысы шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың да қарым-қатынасына байланысты. Ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қалалық орталық қана емес шеткі аймақтары да сай болуы тиістігін бірнеше рет айттым»,  деді Президент.

Осы ретте ол барлық деңгейдегі әкімдердің, мәслихат өкілдерінің назарын аталған мәселеге аударды.

«Таяуда Семейдегі балалар алаңы туралы сюжет көрсетілді. Оны пайдаланудың өзі қауіпті. Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл елордаға да қатысты», деді Мемлекет басшысы.
19 сәуір 2023 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930