Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны

Мемлекет басшысы: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны


(Фото: Egemen.kz сайтынан алынды)

Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидиядағы жемқорлық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент субсидия өзінің мақсатында жұмсалмай отырғанын, бөлінген қаражат діттеген жеріне жетпей қолды болатынын айтты. 

«2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
19 сәуір 2023 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30