Сын сағатындағы сәтті іс
Қызылорда облысында 2017-2018 жылдардың қыс-көктем айларындағы су тасқыны кезеңінің қорытындысы
бойынша мәжіліс өтті. Онда облыс әкімі Қ.Көшербаев: «Су тасқыны маусымында жауапты тұлғалардың өзара үйлескен жұмысының арқасында адам шығыны болмай, тұрғын үйлерге зақым келмеді» – деп атап өтті.
Биыл ақпан айының 26-сы мен сәуір айының 1-не дейін Сырдария өзенінде сең жүрді. Сын сағатында су тасқынына қарсы дайындық шараларын тиісті деңгейде ұйымдастырып, нәтижелі жұмыс жасай білген 18 адам алғыс хаттармен марапатталды. Оның ішінде ауданның су тасқынына қауіпті аймақтарында ерекше белсенділік танытып, қажырлы еңбек еткен шиелілік қос азамат «Шиелі жолшы» ЖШС жүк көлігінің жүргізушісі Тұрсынбай Омаров және «РУ-6» ЖШС слесарь-электригі Қожан Орманов та бар. Одан кейін,
жауапты департамент пен мекеме басшылары және аудан әкімдері жүрігізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.
Су тасқыны маусымы барысында жауапты ұйымдар тұрақты түрде өзен бойында мониторинг жүргізіп, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы техникаларды жұмылдырды. Осы орайда, су сорып тазалау жұмыстарына қажетті арнайы техникалардың жетіспеушілігі анықталып, қаражат бөлу жайында ұсыныстар да айтылды.
Г.ӘБДІХАНИ.