Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанар-жағармайға мұқтаж шаруалардың деректер базасы құрылмақ

Жанар-жағармайға мұқтаж шаруалардың деректер базасы құрылмақ

Жанар-жағармайға мұқтаж шаруалардың деректер базасы құрылмақ

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлуді ерекше бақылауда ұстау керектігін ескертті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіске дайындық жұмысты күшейту қажет. Жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлу де ерекше бақылауда болуы тиіс. Алып-сату және қолдан жасалатын тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизельді басқа жаққа жасырын сататын операторларға барынша қатаң шара қолдану керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
«Өңірлер бойынша егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құру қажет», - дейді ол.
Бұған дейін Премьер-Министр егіс алқаптарына тыңайтқыштың жеткілікті себілмеуінен 10 млн тонна бидайдан айрылып отырғанымызды айтқан еді.
10 сәуір 2023 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031