Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 6-8 сәуірде елімізде аяз болып, жаңбыр соңы қарға ұласады

6-8 сәуірде елімізде аяз болып, жаңбыр соңы қарға ұласады

6-8 сәуірде елімізде аяз болып, жаңбыр соңы қарға ұласады

«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеоқызмет мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді: 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кейде қатты жаңбыр жауады.

«7 сәуірде Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс антициклонына байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін», – дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.
Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяздан 7 градус жылыға дейін төмендейді.
05 сәуір 2023 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31