Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оразада шөлдемеу үшін не істеу керек?

Оразада шөлдемеу үшін не істеу керек?



Ораза тұтып, ауыз бекіткен жандар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды болып саналады. Ораза кезінде күннің астында жұмыс істейтіндер де жоқ емес. Бұл ретте ораза ұстағанда шөлдемеу үшін не істеу қажет? Осы сұрақтың жауабын іздеп көрдік.

Сәресі мен ауызашарда шәй, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан шөл қанудың орнына организмнің көп суалуына әкеліп соғады.
Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған бір кесе су ішсеңіз, ағзадан су шығу үрдісі тежеледі.
Адамдар су мөлшерін өзінің қажетіне қарай әрқалай қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3 литр су ішуі керек екені баршаға белгілі. Ауызашар уақытында су, көк шәй және түрлі шөптерден жасалған шәй шөлді жақсы қандырады.
Ораза кезінде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдардан мейлінше аулақ болуға кеңес беріледі. Қуырылған және майлы тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және тәтті тағамдар адамды шөлдетеді.
Сәресі уақытында ботқа жеген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай, ағзаға да пайдалы әрі жеңіл тағам. Сонымен қатар ботқа жеген адам күні бойы тоқ болады.
Қырыққабат, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді көбірек жеген абзал. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы мүмкін.
24 наурыз 2023 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930