Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Кандидаттар ауылдағы ағайынмен жүздесті

«AMANAT»: Кандидаттар ауылдағы ағайынмен жүздесті

«AMANAT»: Кандидаттар ауылдағы ағайынмен жүздесті

Бүгін «AMANAT» партиясы атынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Талғат Байеділов Кеген ауданындағы Тасашы ауылдық округіне барды. Мәдениет үйінде өткен жиынға 30-дан аса адам қатысты.

Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету – партияның алдағы 5 жылдағы міндеті. Бүгінде салада шешімін таппаған мәселе көп. Басым бөлігі – жайылым, суармалы алқаптардың жетіспеушілігі.
Мұнымен қоса, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі бар. Осындай өзекті проблемаларды шешуге «AMANAT» партиясы бар күш-жігерін жұмсамақ. Салаға қатысты атқарылар іс-шараларды Талғат Байеділов кегендіктермен жүздесуде айтты.

«AMANAT»: Кандидаттар ауылдағы ағайынмен жүздесті

«Партияның мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Біз 2027 жылға дейін аграрлық саладағы жалпы өнімнің көлемін 1,2 есеге ұлғайтамыз. Ауылда 15 мың адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеміз. 4 сүт-тауар фермасы, 4 бордақылау алаңын саламыз. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақты ұстауға, өңір әлеуетін арттыруға көмектеседі. Біз халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға атсалысамыз», − деді Талғат Ескендірұлы.
Кандидат жиылғандарға бұл сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын жіті жеткізді. 19 наурызда өтетін саяси науқанда белсенділік танытып, мемлекет келешегі үшін дауыс беруге шақырды..
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
14 наурыз 2023 ж. 223 0