AMANAT: Халықтың тұрмыс-тіршілігі басты назарда
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мақсұт Нәлібаев, Аида Әбибуллаева, Айсұлу Қасымова, Жорабек Нұрымбетов, Мағжан Ералиев «Қазақтелеком» АК ұжымымен кездесіп, үгіт жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде сөз алған Мақсұт Нәлібаев партияның сайлауалды бағдарламасының ішінде инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту мәселесіне басымдық берілгенін айтып өтіп, алдағы 5 жылда аймағымызда электр және жылумен жабдықтау желілерінде атқарылар жұмыстар барысын баяндады.
«Облыстағы электрмен жабдықтау жүйелері желілерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады, сонымен қатар әртүрлі кернеудегі 1837 қосалқы станция бар. Олардың тозу дәрежесі 69% құрап, жаңғыртуды қажет етуде. Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 46,9% құрайды. Осы бағытта партия өзінің сайлауалды бағдарламасында ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Бұл жұмыстар нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 69%-дан 65%-ға, жылу жүйелерінің тозу деңгейі 46,9%-дан 39,8%-ға дейін төмендейтін болады»,- деді үміткер.
Бүгінде облыста тұрғындардың 97,8% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Соңғы екі жылда 22 елді мекен газдандырылған. Кездесу барысында осы бағытта алда жасалатын жұмыстарды облыстық мәслихат депутаттағына үміткер Айсұлу Қасымова атап өтті.
«АMANAT» партиясының облыстық филиалы бұл сайлауға да халықтың сұранысы негізінде алдағы 5 жылға дайындалған нақты жоспармен келіп отыр. Мұнда ең алдымен әлеуметтік салаға, тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, ауылшарушалығы және экология мәселелеріне назар аударылып отыр. Бағдарлама аясында 32 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасып, 64 жоба іске асырылады. Сондықтан үнемі игі істердің басында жүріп, елмен етене қанасқан партияға Сіздерді қолдап дауыс беруге шақырамын»- деді.
Өз кезегінде сөз алған үміткер Аида Әбибуллаева жас ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы керек екендігін айта келе, «Облыс бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,0%-ды құрайды және тұрғын үй кезектілігінде 7244 жастар тұр». Осы ретте, «AMANAT» партиясы жастар үшін әлеуметтік лифт қалыптастыруға, жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасуға, білім беруге баса назар аударып отырғандығын жеткізді.
Кездесу соңында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс –пікірлерін білдірді.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді