Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын өткізді

Облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын өткізді

Бүгін "Nur Otan” партиясы атынан облыстық мәслихатқа үміткер Дүйсебаева Мунира Күлімбетқызы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жаңабаева Гүлзира Есенгелдіқызы, Бәкір Бекжан Талғатұлы аудан орталығындағы сайлаушылардың үйінде болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытуды айқындайтын 7 басым бағытымен таныстырды.

Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдай отырып, осы бағытта «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жоба және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетін болады.

Кездесу барысында кандидаттар сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.
23 желтоқсан 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930