ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРАН ОҚУДАН ЖАРЫСТЫ
Аудан орталығындағы мешітте әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ақ жаулықты аналардың, нәзік жандардың қатысуымен «Құранды тәжуид ережелеріне сай оқу» атты білім сайысы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – отбасының ұйытқысы саналатын нәзік жандарды имандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Иманды, намазхан қыз-келіншектеріміздің қатары артса, болашақ тәрбиесіне де оң ықпалы бар деген сенімде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – отбасының ұйытқысы саналатын нәзік жандарды имандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Иманды, намазхан қыз-келіншектеріміздің қатары артса, болашақ тәрбиесіне де оң ықпалы бар деген сенімде.
Жарыста алғаш болып сөз алған аудандық мешіттің бас имамы Бақыт Ұлжаев:
– Алла жақсылықта жарысыңдар деген. Құран оқу бұл – ғибадат. Құран оқу бұл – жақсылық. Пайғамбарымыз құранның әр әрпінде он сауап бар деген. «Ер адам исламды қабылдаса, дін дарбазаға келіп тоқтайды. Әйел қабылдаса, дін үйге кіреді» дейді. Енді бір қолында бесігін, бір қолында әлемді тербеткен ана дейді ғой. Сондықтан да жамағатты түзеу үшін, әйел балалары түзу болу керек, – деді.
Қазылар алқасының құрамында аудандағы қарилық медресенің ұстазы Сейілхан Дүйсенбеков, әйелдер жамағатының ұстазы Әселхан Бегімқұлова болды. Олар дауыс ерекшелігі мен дұрыстығына мән берді. Сайыста 21 қатысушы Құран аяттарын «мәнерлеп» оқудан бақ сынасты. Нәтижесінде Гүлсезім Алайдарова І орын, Дүрия Сейіл ІІ орын, Жанар Мырзатаева ІІІ орынға алды. Сондай-ақ Ләззат Әлтаева, Мағжан Берікова, Индира Айдарқызы мен Жансезім Асылбек ынталандыру номициясына ие болды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ