Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Египет пен Қазақстан арасында жаңа рейс ашылады

Египет пен Қазақстан арасында жаңа рейс ашылады

Египеттің Air Cairo әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz, ИИДМ баспасөзіне сілтеме жасап.



Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп Air Cairo Египет әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
Осылайша, Air Cairo әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
11 наурыз 2023 ж. 365 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 97

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930