Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Катар арасында әуе рейсі ашылды

Қазақстан мен Катар арасында әуе рейсі ашылды

Қазақстан мен Катар арасында Алматы-Доха бағытындағы әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасын ашу мәселесі шығарылды.
Осылайша ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Катар елінің авиациялық билік органдары екі ел арасындағы әуе қатынасы саласында құқықтық база құру және кеңейту жөніндегі жұмысының нәтижесінде “Qatar Airways” әуе компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 ұшақтарымен аптасына 2 рейс, дүйсенбі және жұма күндері орындалады деп жоспарлануда.
Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.


https://stan.kz
02 қыркүйек 2021 ж. 422 0