Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады



Халықаралық рейстердің санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп «Salam Air» әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.

«Salam Air» 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А–320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
«Salam Air» – Оманның Маскат қаласында орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Ұшуды 2016 жылы бастады.
Әуекомпаниясы  әлемнің 20-ға жуық еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.
Әуекомпаниясының паркінде 11 Airbus A320neo, A321neo ұшағы бар.
28 ақпан 2023 ж. 426 0

Қоғам

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ
17 желтоқсан 2025 ж. 28

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031