Ақ халатты нәзік жандарды құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Ана мен бала орталығы және «Persona Medical» клиникасының қызметімен танысып, осы ұжымдарда қызмет ететін қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
«Елімізде Президент тапсырмасымен ана мен баланың денсаулығын жақсарту үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкер демеушілігімен облыс орталығында «Анаға тағзым» орталығының құрылысы салынуда. Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек мөлшері де жыл өткен сайын ұлғайып келеді.

Мекеме ұжымымен сұхбаттасу кезінде аймақ басшысы жаңа туған сәбиінің атын қоюды сұраған ана тілегін орындап, Алаш ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай балаға Мағжан деген есім берді.

Еске салсақ, 320 орындық Ана мен бала орталығы 2014 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 713 қызметкер еңбек етуде. Өткен жылы мекеменің артық жүктемесін төмендету үшін жүктіліктің физиологиялық ағымы бар әйелдерді емдеуге арналған 50 төсектік қосымша ғимарат ашылды. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсектік перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратын салу жоспарлануда. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыстық перинаталды орталық базасында кеңес беру-диагностикалық бөлімі ашылды.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі