Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ 6 АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ 6 АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ

Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру 6 ақпанда басталатынын мәлімдеді.



Ринат Ғаппаровтың айтуынша, өтініштер 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де autonesie.kz ресми сайтында қабылданады. Қанатқақты платформаны алғаш іске қосқан кезде 761 үміткерге дейін тіркеле алады. Осы санға жеткенде, платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.
Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭСҚ), сондай-ақ автокөлік өндірушілерімен алдын ала келісуі қажет. Платформаға Қазақстан аумағындағы азаматтар ғана тіркеле алады.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалды:
- қаржыландыру сомасы - 10 миллион теңгеден аспау керек
- қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды
- бастапқы жарна - 0 пайыз
- 1 автокөліктің құны - 15 миллион теңгеден аспауы керек.
01 ақпан 2023 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930