Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?

Мектептерде оқу жылы қайтадан қысқара ма?

Мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.



«Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Жыл басында ата-аналар мен балаларға оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарладық. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мемлекеттік білім беру стандарты мен білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау үшін жасалған. Сондықтан бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ. Былтыр оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, биыл 31 мамырда аяқталады, яғни, 31 мамыр – соңғы оқу күні.
Балалар жазғы демалыста үш ай, яғни 90 күн демалады. Биыл каникулдың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес келеді. Бұл біздің балаларымыздың мерекелік көңіл күйін көтере түседі», – деді ол.
Осылайша, мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады.
01 ақпан 2023 ж. 416 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 72

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031