Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу жылы маусым соңына дейін созылуы мүмкін

Оқу жылы маусым соңына дейін созылуы мүмкін

Елімізде биылдан бастап оқу жылы маусымның соңына дейін ұзартылуы мүмкін. Аталған ұсыныстар 2022-2023 жылдарға арналған білім беру процесін талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтылды.
Жиынға қатысушылардың сөзінше, қосымша оқу аптасын қосу күнделікті өтетін сабақ санын азайтуға, яғни оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік бермек. Одан бөлек, оқу жылын ұзарту күрделі тақырыптарды зерттеудің қарқындылығын төмендететін көрінеді. Сондықтан жиынға қатысушылар қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға созуды ұсынған. Яғни оқу жылын 15 тамыздан бастап 5 маусымда аяқтау.
Немесе бұрынғыдай қыркүйектен бастап, 20 маусымға дейін созу ұсыныстары қозғалып отыр. Ал «Әділет» орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы ­Динара Құдайқұлова өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті. «Мен 20-25 тамыздан оқушылар оқуға шыға бергені дұрыс деп есептеймін, расында балалар екі аптадай оқу процесіне қосыла алмай жүреді. Біз 20-25 тамыздан бастап, 5 маусымға дейін оқуды ұсынамыз. Өйткені зерттеулерге сәйкес, балалар ұзақ демалғаннан кейін оқыған материалдың 25 процентін ұмытып қалатыны анықталып отыр», – дейді ол.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі сарапшылар қоғамдастығының ұсынысы талқыланып жатқанын хабарлады. «Сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынып жүргенін білеміз. Айта кетейік, мұндай ұсыныстар сарапшылардан бірнеше жылдан бері түсіп жүр. Оның ішінде, оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту және тамыздан бастау ұсынылды. Олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп, түрлі дәлел келтіреді. Бірақ бұл жағдайда нақты бір азаматтардың ұсынысын емес, ғылыми мәліметтерге де сүйену керек», – деді ведомство өкілдері.
Жалпы алғанда еліміз әлем елдерінің ішінде оқу жылындағы аптасы ең аз елдердің қатарына енеді екен. Дәлірек айтсақ, Қазақстанда 34 оқу аптасы бар. Тиісінше Қазақстан әлем бойынша жазғы демалысы ең ұзақ елдердің тізімінде де көш басында. Жылына 130 күн. Салыстырмалы түрде алғанда жазғы демалыс уақыты Израильде – 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапонияда – 102 күн.

Рамазан Әнәпия
02 шілде 2022 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031