Қызылорда: Оқушылар балықшылардың жатақханасында білім алып жатыр
Қызылорда облысында тұтастай бір ауылдың жоғарғы сынып оқушылары көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Ал осы Арал ауданына қарасты Ақшатау ауылының бастауыш сынып оқушылары болса балықшылардың жатақханасында тәлім-тәрбие алуда. Бұл ғимараттың өзіне де жарты ғасырдай уақыт болыпты. Білім ордасында оқушыларға арналған асхана, спорт алаңы атауымен жоқ, деп хабарлайды «Azattyq-News».
Әр дүйсенбі таңғы сағат 6-дан бастап Ақшатау ауылының тұрғындары балаларын көрші ауылда орналасқан мектеп-интернатқа шығарып салады екен. Алты орындық Уаз автокөлігіне осы ауылдан 20-ға жуық бала шығып, ауыз-мұрнына дейін тиеліп барады. Екі ауылдың ортасындағы жолдың нашарлығынан жасөспірімдер бір сағаттан аса уақыт көлікте теңселіп жүруге мәжбүр.
Ауыл тұрғыны Шанжархан Жұбатхановтың айтуынша, тұрғындардың мектеп сұрап келе жатқанына 7 жыл болған.
Бұл ауылға мектеп салып беремін деген алғашқы әкім Қырымбек Көшербаев екен. Жеке қабылдауында Аралдықтарды қабылдаған ол қарамағындағыларға жобаны қарастыруды тапсырыпты. Бір жылдан соң аймаққа келген жаңа басшы сметалық құжаттарда көрсетілген қаржыны тым көп деп жобаны қайта қарауға жіберіпті.
Ақшатаудағы бастауыш сыныптарға арналған мектептің жағдайы болса тым ауыр. Тұрғындар бұл бір қабатты ғимарат осыдан 40 жыл бүрын балықшылардың жатақханасы болып салынған дегенді айтады. Мектептің меңгерушісі түсірілім тобымызды ішке кіргізуден бас тартты. Бір білгеніміз ішке бүлдіршіндерге арналған ыстық тамақ та қаралмапты.

«Балаларды осы сүйретіліп, таң атпай әкелеміз мына жерге. Жол қатынасы қиын, оның есесіне ана жерден канал қазып жатыр, білмеймін ол канал қазылса вообще жол болмайтын шығар», – дейді Ақшатау ауылының тұрғыны Жарасхан Дүкенбаев.
Ауыл тұрғыны Шанжархан Жұбатхановтың айтуынша, тұрғындардың мектеп сұрап келе жатқанына 7 жыл болған.
«Аудан әкімі, облыс әкімі бәрі шет жағасын біледі. Бірақ бізге жағдай жасап, жанайқайымызды тыңдап тұрған адам жоқ», – дейді ол.
Бұл ауылға мектеп салып беремін деген алғашқы әкім Қырымбек Көшербаев екен. Жеке қабылдауында Аралдықтарды қабылдаған ол қарамағындағыларға жобаны қарастыруды тапсырыпты. Бір жылдан соң аймаққа келген жаңа басшы сметалық құжаттарда көрсетілген қаржыны тым көп деп жобаны қайта қарауға жіберіпті.
«Алдында бөлінген 589 млн. теңге ақша көп. Мен ол ақшаға Қызылорданың ортасынан 5 қабатты үй салдырамын деп жауап берді. Кім айтты оны? Ысқақов мырза айтты. Ол мен үшін түсініксіз жағдай болды», – дейді ауыл тұрғыны Нұртай Әбенов.
Ақшатаудағы бастауыш сыныптарға арналған мектептің жағдайы болса тым ауыр. Тұрғындар бұл бір қабатты ғимарат осыдан 40 жыл бүрын балықшылардың жатақханасы болып салынған дегенді айтады. Мектептің меңгерушісі түсірілім тобымызды ішке кіргізуден бас тартты. Бір білгеніміз ішке бүлдіршіндерге арналған ыстық тамақ та қаралмапты.
«Бұл жерде ыстық тамақ асхана болмағандықтан жеңіл тамақ беріледі. Қандай? Айран, сүт сондай», – дейді бастауыш мектептің меңгерушісі Асхат Мұқашев.Халық арасында «ханның қызы» болып танылған Гүлшара Әбдіхалықова болса мектепке тендер де жариялапты. Жеңімпаз мердігерлердің жұмысын алайда шенеуніктер қайта тоқтатып тастаған. Ауыл әкімі болса аудан қайтадан мектептің жаңа жобасы сызылғанын жеткізді.
«2023 жылы салыну керек болатын. Бірақ мына елді-мекендегі халықтың санына байланысты өткізілген проектіні, жобаны қайта өзгертті кеше. Типовой мектеп қой, бірақ шағын қылып өзгертіп жатыр қаржыға байланысты», – дейді Аманөткел ауылдық округінің әкімі Қайрат Әбдіраманов.Осылайша Ақшатаулықтарға биыл да мектеп бұйырмайтын секілді. Ертең жақын арада екі ауылды жалғап отырған бөгетті де сырып тастайды екен. Ол кезде оқушылар мүлдем мына қыл көпірден өтуге мәжбүр болады. Балаларының денсаулықтарына алаңдаған Аралдықтар жергілікті билік осы мәселені тезірек қолға алса дейді.