Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа тоқсан басталды

Жаңа тоқсан басталды

Кешеден бастап бастап аудан мектептерінде 5-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашылды.
Жалпы, кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Осылайша бесінші сынып оқушылары үшін де кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Бұрын ата-аналарының қалауы бойынша мектепке тек бастауыш сыныптың балалары ғана бара алатын. Сонымен қатар халықаралық білім беру мекемелерінде бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушылар оқуға жіберілді.
«Мектептер барлық қажетті дезинфекциялық құралдармен жабдықталған. Ата-аналар ғимаратқа кірмей, балаларын мектепке алып келуі керек. Баланың температурасы кіре берісте өлшенеді, антисептикпен қолды міндетті түрде өңдеу, маска тағу керек», – деп түсіндірді білім басқармасы.
Сонымен қатар санитарлық дәрігердің бұйрығымен бір бала COVID-19 ауруымен ауырған жағдайда бүкіл мектеп қашықтан оқытуға көшетіні көрсетілген. Кезекші сыныпқа қатысу ата-аналардың қалауы бойынша жүзеге асырылады. Екінші тоқсанда ауданда 24 мектепте 1 және 5 сынып аралығында 393 кезекші сынып құрылды, оларда 6083 бала оқиды. Осы аталған мектептің ішінде 6 мен 11 сынып аралығында 10280 оқушы қашықтан оқиды. Ал бала саны 300-ге жетпейтін 16 мектептің 2089 оқушы дәстүрлі білім алып жатыр.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
17 қараша 2020 ж. 938 0