Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды

Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды

Зере Өтебаева Конституциялық сот аппаратының меңгерушісі болып тағайындалды.



Зере Өтебаева 1969 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Мәскеу экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1999-2001 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған;
2001-2008 жылдар аралығында - Комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшылығының консультанты, заңнама бөлімінің бас консультанты, басқарма басшысының орынбасары;
2008 жылғы қаңтардан 2016 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
2016 жылдың сәуірінен 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметінде болған;
23 қазаннан бастап ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы болған.
30 қаңтар 2023 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930