Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ

Алдағы жылы елімізде бірқатар өзгерістер болады. Жаңа бастамалар мен заңдар күшіне енеді. Солардың ең маңыздыларының бірі – міндетті әлеуметтік сақтандыру. Бұл жүйеге 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енді. Сондай-ақ, Үкімет 2023 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулыны қабылдады. Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемнің бес түрі беріледі. Олар: асыраушысынан айырылу, жүктілік пен босану, жұмыссыз қалу, бала күтімі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің өз жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін ең төменгі бір жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын табыстың 3,5 процент мөлшерінде төленетін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.
2023 жылдан бастап ең төменгі жалақының 70 мың теңгеге дейін артатынын ескере отырып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері айына 2 450 теңгені, ал ең жоғары мөлшері – 17 150 теңгені құрайтын болады.
Әлеуметтік аударымдардың уақтылы түсуі әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі – еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы кезінде азаматтарға әлеуметтік төлемдер алуды қамтамасыз етеді.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің 2 түрінің параметрлері өзгертілетін болады.
Бірінші, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем, ол жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап еңбек өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының соңғы 2 жылдағы орташа айлық кірісіне, жүйеге қатысу өтіліне және кірісті ауыстыру коэффициентіне байланысты болады.
Келесі жылдан бастап кірісті ауыстыру коэффициенті 45 процентке дейін артады. Бұл әлеуметтік төлем мөлшерінің орта есеппен 13 процентке өсуіне әкеледі.
Айта кету керек, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға нақты төлем алушыларға 45 проценттік коэффициент қолданыла отырып, біржолғы қайта есептеу автоматты түрде жүргізілетін болады. Қызылорда облысы бойынша 931 алушыға төлем мөлшері ұлғайтылды.
Екінші, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем бүгінде бала 1 жасқа толғанға дейін тағайындалатын болса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылады. Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 45 процентін құрайды. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша балалары 2022 жылы туған нақты алушыларға төлем автоматты түрде ұзартылатын болады. Облыс бойынша 5751 алушыға төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Сонымен қатар, жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша Қордан ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемнің 2 түрі төленеді. Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезеңге тағайындалады. Және де еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төленеді.
Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда - 23 жасқа дейін төленеді.
Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын арттырылады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 8,5 процентке өсетін болады.
Облыс бойынша 2921 алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 2590 асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылды. Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар алатын төлемдердің жиынтық мөлшері жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда көбірек болады.

С.СҰЛТАН
12 қаңтар 2023 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930