Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: өз құқығыңызды біле жүріңіз

МӘМС: өз құқығыңызды біле жүріңіз


Міндетті әлеуметтік сақтандыру негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінің қосымша деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтік қатер туындағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде.
Міндеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.
Жұмысберушілер жалдамалы жұмысшылары үшін, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар өздеріне әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң (табысынан) 3,5 % мөлшерінде әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүргізеді және де әлеуметтік аударымдардың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшері белгіленген.
Бұл ретте, ай сайынғы табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының (бұдан әрі - ЖТМ) жеті еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. 2022 жылға әлеуметтiк аударымның ең жоғары мөлшері- 14 700 тг. (60 000 тг. *7*3,5%) құрайды.
Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі (табысы) ЖТМ кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ЖТМ негізге алына отырып есептеледі, аударылады, 2022 жылға әлеуметтік аударымның ең төменгі мөлшері – 2 100 тг. (60 000тг. *3,5%) құрайды.
Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы (дұрыстығын тексеру үшін) өзі үшін ақпаратты Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалынан, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінен және электрондық цифрлық қолтаңбасымен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін алуына болады.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш берудің алдында әлеуметтік аударымдардың толық аударылғанын тексеру қажет. Өйткені, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтың жұмыс берушісінің әлеуметтік аударымдардың мөлшерін есептеуіне (қаншалықты дұрыс) және оларды ай сайын уақытылы аударуына байланысты болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары келесі әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.
- еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда;
- асыраушысынан айырылған жағдайда;
- жұмысынан айырылған жағдайда;
- жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда;
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда.
2022 жылдың 9 айында Қызылорда облысы бойынша МӘСҚ-дан 51 310 алушыға жалпы сомасы 13 115 872,4 мың теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде еңбекке қабілеттілігінен айырылуына - 603,1 млн. теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша - 635,9 млн. теңге, жұмысынан айырылуы бойынша - 480,2 млн. теңге, жүктілікке және босануға –5 314,0 млн. теңге және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне - 6 082,7 млн. теңге.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ www.gfss.kz сайтынан, gfss_kyzylorda_ инстаграм, АО «ГФСС» по Кызылординской области фейсбук парақшаларынан, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпарат алуға болады.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
Қызылорда облыстық филиалы
06 желтоқсан 2022 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031