АЯЗДА ДА АЖАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ

Бетіңіз таза болсын десеңіз, ең әуелі дұрыс тамақтанғаныңыз абзал. Әсіресе, желтоқсан мен қаңтар айларында майлы тағамдарды жемегеніңіз дұрыс. Майлы тағамдар сіздің ішкі органдарыңыздағы талшықтарыңызға сіңіп, бет теріңіздегі ткандарьды өлтіріп, нәрлі теріңізге кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ газды сусындарды мүлде тұтынбаңыз. Оның құрамындағы түрлі қоспалар бет теріңіздегі дәрумендерді жойып, ерте қартаюға алып келеді. Ал келбетіңізді келтіріп, көркіңізді ашамын десеңіз, бет теріңізге күнделікті оңай әрі тиімді маскаларды пайдалануға кеңес береміз.
Бет теріңіздің құрылысына қарай сіз түрлі өсімдік майлары мен жемістер арқылы күнделікті маскаларды пайдалана аласыз. Мәселен, дәл осы мезгілде құрғақ бет терісіне киви мен лимон шырынанынан жасалған маска пайдалы болмақ. Ал майлы теріге бал қосылған алма езіндісінен жасалған маска тиімді. Сонымен қатар, жалбыз шырыны қосылған маска да өте жақсы әсер берері сөзсіз. Егер теріңізде қандай да бір мәселе болса, онда тез арада дерматолог маманға көрінгеніңіз жөн. Қай мезгілде де ажарыңызды сақтап, бет теріңізге мән беріп, құлпырып жүремін десеңіз, маман кеңесіне жүгініңіз. Себебі, білікті дәрігермен кеңеспей жатып, бетке күтіп жасау өте қауіпті.
СЫМБАТ СҰЛТАН