КӘСІПТІК БІЛІМ – БОЛАШАҚ БАСПАЛДАҒЫ
Қазақ қашаннан «Дүниенің кілті – оқу-білімде» деген ата сөзін ұстанған, табиғатынан жаны білуге, үйреніп-түюге құмар халық. Бүгінгі басылымдағы бас мақаланы «Ел байлығы деген не? Ол – білім, ол – жаңа технология, ол – бәрінен бұрын отаншылдық сезім» деген сөз маржанымен бастағымыз келіп отыр. Халқымыз үшін осынау қадау-қадау ойлардың қасиеті ешқашан ескірмейді. Ойландырады, толғандырады. Жылдармен жаңаланып, заман талабынан көрініп келе жатқан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі. Тарихы да, тәжірибесі де бай білім шаңырағы 64 жыл бойы сапалы кәсіби мамандар даярлау ісімен айналысып келеді.
64 жылдық тарихы бар кәсіптік білім ошағынан мыңдаған түлек түлеп ұшып, дүниенің бір кетігіне кірпіш болып қаланды. Әу баста ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын кәсіптік техникалық училище бүгінде құлашын кеңге жайып, 20 мамандық, 33 біліктілік бойынша өндіріс саласының мамандарын оқытады. Тарихы тереңде жатқан колледждің тазалығы мен ішкі-сыртқы көгалдандыру жұмыстары жайлы жазбай кетпеске болмас. Иә, аталған білім ордасының аркасынан бастап жасыл желекке көмкерілген. «Сырт көз сыншы» дегендей, сырттан келген қонақ ең алдымен тазалыққа мән береді. Колледж табалдырығын аттай қалсаң, мұнтаздай таза екеніне бірден көзің жетеді. Яғни білім ордасы тазалықты ту етіп алған ба дерсің?!

Халық даналығында «Өткеніңді ұмытпасаң, болашағың жарқын болады» деген тәмсіл бар. Өзінің ғасырға бергісіз тарихында халықтың ықылас-пейіліне бөленіп, аудандағы беделді оқу орнына айналған колледж көпшіліктің сенім үдесінен шыға білген, ел өмірінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білім ордасы. Елімізбен бірге жетіліп, өркендеп, жылдан-жылға өрістей даму үстінде. Бүтіндей бір елдің қаншама буын ұрпағын тәрбиелеп шығарған киелі қара шаңырақтың ел тарихындағы алатын орны ерекше. Қазақ елінің біртуар перзенттері, Еңбек Ерлері – Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаев, Закира Ержанова, Жадыра Таспанбетовалар дәл осы жерде білім алып, аты аңызға айналған.
«Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек» деген болатын Президент.
«Жұмыс беруші күні» аталып өтті
15 қараша – «Жұмыс беруші күніне» орай Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Білім беру процесін жақсарту, әріптестік пен тәжірибенің мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында өткен шараға 18 серіктестік өкілі қатысты. Дөңгелек үстелде кәсіпорындардың колледжге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен ынтымақтастық орнату, білікті маман даярлау сапасын жақсарту мақсатында студенттердің іс тәжірибеден өтуі жайлы ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар шарада аталған күнге орай жеке кәсіпкер Тиыштықбай Қуанышұлымен меморандумға қол қойылып жаңа келісімшарттар жасалды.

Аудандағы білім беру мекемесінде өткізілген шара еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес мамандар дайындау, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені ұштастыруға бағытталды. Сонымен бірге колледж тарихынан сыр шертетін және білім алушылардың жасаған бұйымдары қойылған көрме көпшілікке таныстырылды.
«Семізбай – U» ЖШС-нің Иіркөл кеніші мекемесінің жетекші геолог маманы Назира Досмағанбетова сөз сөйлеп, бос жұмыс орындарын ұсынушы мекемелермен және білім алушылармен пікірлесті. Жас маман атанатын колледж түлектеріне сәттілік тіледі. Конференция жұмысына колледждің әлеуметтік серіктестіктері «Волковгеология» АҚ, «Шиелі тас» ЖШС, «Байсын» шаруа қожалығы, «Төңкеріс-К», «Үміт» шаруа қожалығымен қатар өзге де жеке кәсіп иелері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Жиында жастардың өндірістік тәжірибеден өтуін қадағалаудың маңыздылығы қозғалды. «Басында келетін 15 студенттің екі-үш күннен соң екі-үшеуі ғана қалатыны олардың мамандықты меңгеруге деген құлықсыздығын көрсетеді» дегенді алға тартып, жақсы маман болу үшін оқумен қатар практиканы үзбей ұштастыру қажеттігін айтты.
Іс шара соңында колледждің үздік әлеуметтік серіктестері «Байсын» шаруа қожалығының төрағасы Аятжан Есжанов пен аудандық электр тарату тораптары мекемесінің директоры Нұржан Ахметов білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік серіктестік кәсіпорындар аудан әкімі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алғыс хатына ие болды.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 399 білім алушы 10 түрлі мамандық бойынша оқыпжатыр.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ