Алдағы үш күнде бірқатар өңірде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның оңтүстік облыстарына Иран ауданынан белсенді бұлтты сілем жылжып, жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келеді. Суық фронттың өтуіне байланысты бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысында температура нормаға жақын болады деп болжанған. Қазақстанның солтүстік жартысына антициклон тарамы жылжып келеді, оның ықпалынан жауын-шашын уақытша тоқтайды. Батыс Сібірден келетін суық арктикалық фронттан кейін, тағы жаңбыр жауып, сулы қар түріндегі жауын-шашын болады. Батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 1-3°С төмен болады», - деп жазылған хабарламада.
Ақпатар көзі: Baq.kz