Сенбілікке – серпінмен
19 қыркүйекте Дүниежүзілік «World Clean up day» тазалық күніне орай еліміздің бірқатар аймағында экологиялық акция өтті. Сәйкесінше Шиелі ауданының жұртшылығы да аталған акцияға үн қосты. Тазалықты ту еткен әлемдік сенбілікте көшеттер отырғызылып, қоқыстан тазартылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл шара – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асырудың алғышарты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 1 қыркүйектегi Жолдауында мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесiне тиістi назар аударылуы керек екенiн атап айтты. Естеріңізде болса, қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығaйтуға арнaлған «BirgeТazaQazaqstan» экологиялық акциясы жүйелi түрде жүргізілуi тиіс екенін де тілге тиек етті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 1 қыркүйектегi Жолдауында мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесiне тиістi назар аударылуы керек екенiн атап айтты. Естеріңізде болса, қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығaйтуға арнaлған «BirgeТazaQazaqstan» экологиялық акциясы жүйелi түрде жүргізілуi тиіс екенін де тілге тиек етті.
Ауданда 17 қыркүйек күні Ы.Жақаев саябағында «World Сlean up day» атты дүниежүзілік тазалық акциясы өтті. Оған бес мекеменің басшылары мен қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Тиісінше, аудан орталығын, елді мекендердің айналасын тазалау, қоқыстан арылту, шөптерді шауып, белгіленген орындарға шығару, арықтарды күл-қоқыстардан арылту, әктеу, сырлау жұмыстары жандандырылды. Өңірдің өңін кетіріп тұрған экологиялық проблемаға аудан әкімі Нұржан Ахатов та қатысып, шиеліліктермен бірге өз үлесін қосты.
– Ауыл-аймақтың маңайын мұнтаздай таза ұстап, төл табиғатымызға тағылық жасамай, аялай білу үшін ең алдымен жалпақ жұртты жақсы іске ұйымдастыра білу керек. Осындай игі шарада туған жеріміздің тазалығы үшін белсенділік көрсеткен баршаңызға алғысымды айтамын, – деді аудан әкімі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әр көшенің тұрғындары тазалыққа өзі жауапты болуы тиіс. Ең болмағанда өз үйінің айналасын артық күл-қоқыстан тазартып, мейлінше қоршаған ортаны ластамауға үйренуі қажет. Қанда бар қазақы қасиетімізбен сырттан келген қонақты үйімізге бастаймыз. Ал үйге апарар жол – ол біздің көшелер. «Сырт көз – сыншы» демей ме?! Біз мән бермеген ұсақ-түйекке олардың көзі түсуі мүмкін. Үйден бұрын қонақтан ұялмас үшін көшелер мұнтаздай таза болуы керек. Себебі біз осы арқылы аудан, ауыл тазалығын емес, өз тазалығымызды көрсетеміз.
Шапағат ТІЛЕУБАЕВ