Инженер Н.Қоянбаевтың игі істері
Ол 1977 жылы Қызылорда қаласындағы ауылшаруашылығы техникумын бітіріп, инженер-механик мамандығын алып шығады. Туған жері Шиеліге оралып, «Шебер» Ақ бұрынғы РТС мекемесінде механик, шеберхана меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Техника тілін жетік меңгерген жандар ешқашан далада қалған емес. Сол кезде ГРЭ-23 мекемесіне қарасты АҚ «Волковгеология» филиалында жол жасау, жөндеу бөлімі жасақталып жатқан болатын. Нұртас Қоянбаев 2006 жылдан бастап осы бөлімнің инженер-механик қызметін абыроймен атқарып келеді. Мекемеде 28 техника, 41 тракторшы бар. Ауыр техникалармен жұмыс жасау да ауыр. Шынжыр табанды бульдозер, эксковатор, «К-700» тракторы басқа да ауыр техникалар атқарар жұмыстар да ауқымды. Айдалада жол жасау, ой-шұқырлы жерлерді тегістеу, ішкі жолдарды жөндеу тіптен де оңай емес. Алып техникалардың өзі де ыңаршағы айналып кететін кездері де көп кездеседі. Механизаторлардың мықтылығы осындайда сыналады. Дүниеде ауыр техникалар бұзылып, істен шыға көрмесін. Әйтпесе, жұмыстың біразы қараң қалады. Оларға қосалқы бөлшектер табу да қиынның-қиыны. Жоқ іздеп аяқтан тозасың. Демалыс күндер де көзден бұл-бұл ұшады. Осындайда, техникалар тұрып қалмауы және жұмыста кідіріс туындамас үшін инженер-механик тыным таппай кетеді. Техникасыз тірлік те бітпесі анық. Бөлімде техника тілін жақсы білетін тракторшылар баршылық. Әрқайсысы өз ісінің шеберлері, майталман механизаторлар. Әр техникалардың атқарар жұмыстары да әрқилы. Мысалы, бульдозермен жол жасап, тегістесе, эксковатор арнаулы құдықтар, скважиналар қазады, «К-701» мен көшіру жұмыстары атқарылады.
– Өз ісінің білгірі Нұртас қашан да жұмысына жауапкершілікпен қарайды, – дейді мекеме директоры Қуаныш Кенбаев. Айтса айтқандай, ол өз ісіне қашан да мығым, мықты азамат. Отбасындағы ұлын ұяға қондырса, екі қызын ұзатты, жары Рәзия перзентханада абыроймен қызмет етіп келеді.
Алтай АЙЫП.